Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде саяхатшы әйелді аю талап тастады

Опубликовано:

Приамурьедегі туристік базада аю шабуылынан зардап шеккен әйел Амур облыстық ауруханасында хал үстінде жатыр. Әйелдің сол қолын кесіп тастауға тура келген. Бұл туралы сейсенбі күні аймақтық денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook
"Аюдан зардап шеккен әйел қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр. Ол ауыр жарақат алды. Қан тамырлары қатты зақымданғандықтан, сол қолын кесіп тастауға тура келді", - деді министрлік өкілдері.

Ресейдің ішкі істер министрлігінің "Благовещенский" муниципалитетаралық бөлімі баспасөз қызметінің айтуынша, оқыс оқиға дүйсенбі күні кешкісін орын алған.

Әйел қапастағы аюға азық беремін деп қолын созған кезде жыртқыш оның қолын талап тастаған.

Жедел топ оқиға орнына келіп, қажетті материалдар жинаған.

Ресейдің тергеу комитетінің аймақтық тергеу басқармасының мәліметінше, осы дерек бойынша зерттеу жұмыстары жүруде.

Тексеру барысында туристік базаның аюды ұстау мен саяхатшылардың қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерінің еңбегіне құқықтық тұрғыда баға берілетіні айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1787810-resejde-saahatsy-jeldi-au-talap-tastady/

pixel