Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы сайлау: "Нұр Отан" кандидат ретінде кімді ұсынбақ?

Опубликовано:

Отандық саясаттанушы Оразғали Селтеев алдағы кезектен тыс президент сайлауына "Нұр Отан" партиясы кандидат ретінде кімді ұсынуы мүмкін екені жөніндегі болжамымен бөлісті деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оразғали Селтеев. Фото: Kaztube.kz
Оразғали Селтеев. Фото: Kaztube.kz: Facebook

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 9 маусымда өтетін болды>>>

Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы: Тоқаев жарлыққа қол қойды>>>

Оның пікірінше, партия тоғызыншы маусымда өтетін сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынады.

Саясаттанушы қазіргі президентті барша мемлекеттік аппарат қолдайтынын жеткізді.

Маман Дариға Назарбаеваның сайлауға қатысуы туралы ойын ашық түрде айтты. Селтеев сенат спикері екінші президент рөліне ұмтылмайды деп есептейді.

Оның пікірінше, Дариға Нұрсұлтанқызына мүлде басқа саяси рөл бөлінген.

"Басты саяси ауысулар мен ішкі субъектілерді орнықтыру аясында Дариға Назарбаеваның функционалы біз ойлағаннан да аса маңызды. Сенат төрайымы лауазымын ол мемлекет басшысы қызметіне келетін адамның әрекеттерін бақылау үшін алды" , - деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев елге үндеу жолдады. Мемлекет басшысы алда кезектен тыс президент сайлауы болатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787840-kazakstandagy-sajlau-nr-otan-kandidat-retinde-kimdi-synbak/

pixel