Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы сайлау: Кім президенттікке үміткер бола алады?

Опубликовано:

Қазақстандағы президент сайлауы 9 маусымға белгіленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуір күні мемлекеттік арналардың тікелей эфирінде осындай мәлімдеме жасап, соған сәйкес жарлыққа қол қойды. Конституция мен "Сайлау туралы" заң президенттікке үміткерлерге қандай талаптар қоятынын KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандағы сайлау: кім президенттікке үміткер бола алады?
Ақорда Көрнекі фото: welcometoastana.kz: Depositphotos

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 9 маусымда өтетін болды>>>

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы: Тоқаев жарлыққа қол қойды>>>

Тоқаев: Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>

Дариға Назарбаева Қазақстандағы президент сайлауына қатыспайды>>>

Еліміздің негізгі заңы Конституцияның 41-бабына сәйкес - Қазақстан Республикасының президентігіне тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған азамат сайлана алады.

Үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген және соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұруы тиіс. Сондай-ақ, болашақ президенттің жоғары білімі болуы керек.

Мемлекеттік тілді меңгеруін және республикада өмір сүрген уақыт мерзіміне қатысты ақпаратты ОСК-сы тексеретін болады.

Конституцияның 33-бабы президент бола алмайтын тұлғаларды атайды. Ондай тұлғалар сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

"Сайлау туралы" заңда үміткерке қойылатын талаптар кеңейтіліп көрсетілген.

10-шы тарауында үміткер мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға тиіс деп жазылған.

Айта кететін жайт, 2017 жылы президентке үміткерлер өздерін ұсынуға тыйым салатын заңға қол қойылды.

Сондықтан да мемлекет басшысы болуға ниет білдіргендерді республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары ұсынуы керек. Үміткер ол бірлестіктің мүшесі болуға тиіс деген талап жоқ.

Ұйым тек бір үміткерді ұсына алады.

Тағы бір міндетті талап - үміткер медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов болашақ президент сайлауына қаражат қайдан алынатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787844-kazakstandagy-sajlau-kim-prezidenttikke-mitker-bola-alady/

pixel