RU
Тоқаев кезектен тыс сайлауға қатыса ма?

Тоқаев кезектен тыс сайлауға қатыса ма?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық саясаттанушы Ербол Еділов Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауына қатысуы жөнінде өз пікірін айтты. Маман қазіргі мемлекет басшысының кандидатурасы жайлы ойымен KAZ.NUR.KZ ақпараттық порталымен бөліскен.

Ербол Еділов. Фото: facebook.com/yyedilov

Ербол Еділов. Фото: facebook.com/yyedilov

Дариға Назарбаева Қазақстандағы президент сайлауына қатыспайды>>>

Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>

Қазақстандағы сайлау: "Нұр Отан" партиясы кандидат ретінде кімді ұсынбақ?>>>

"Болжағанымыздай кезектен тыс президент сайлауы маусым айында өтетін болды. Бұл үрдісті кейінге шегермеуге шешім қабылдадық. Оның үстіне, қазіргі таңда мемлекет үшін маңызды болып отырған ішкі саясат жоспарына орай лайықты әрі білікті кандидат бар" , - деді Ербол Еділов.

Саясаттанушы бұл сөзін Қазақстанның қазіргі президенті жайлы айтқанын анықтап өтті. Себебі, бүгінгі күні оның ішкі және сыртқы саяси жұмыс тәжірибесіне бай кандидатурасы Ресей, Қытай, Еуроодақ пен АҚШ іспетті әлемдік державалардың көңілінен шығады.

«Меніңше, билік партиясының атынан Тоқаев ұсынылатын сияқты. Тіпті, тек бір ғана кандидат болады деп ойлаймын" , - деді маман.

Оған қоса, Еділов сенат төрағасы Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды деп болжады.

«Дариға Назарбаева сайлауға қатыспайды. Ол сенат спикері болып қалады" , - деді саясаттанушы.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оның барысында президент кезектен тыс сайлау қашан болатынын хабарлады.

Сонымен қатар, бұған дейін отандық саясаттанушы "Нұр Отан" партиясының атынан сайлауға кім түсетінін айтты.

Дариға Назарбаеваның көмекшісі оның кезектен тыс президент сайлауына қатыспайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel