RU
Қазақстандағы сайлау: Президенттікке кім үміткер бола алмайды?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстандағы сайлау: Президенттікке кім үміткер бола алмайды?

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін мәлімдеді. Ал мемлекет басшысының лауазымына кім үміткер бола алмайды? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ жауап іздеп көрді.

Фото: Aigak.kz

Фото: Aigak.kz

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 9 маусымда өтетін болды>>>

Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы: Тоқаев жарлыққа қол қойды>>>

Қазақстанның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңына сәйкес, туғаннан бастап Қазақстан азаматы болған үміткер ғана президент бола алады. Мемлекет басшысы лауазымына ұсынылған азамат 40 жастан жас болмауы тиіс.

Сонымен қатар, президенттікке үміткер мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, жоғары білімі бар болуы және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұруы қажет.

Одан бөлек, сайлауға қатысу үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі болуы керек. Осы саладағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл болуы тиіс.

Қазақстан аумағында соңғы 15 жылда тұру және мемлекеттік тілді меңгеру фактілерін Орталық сайлау комиссиясы тексереді.

Сондай-ақ, Президенттікке үміткер медициналық куәландырудан өтуі қажет, оның нәтижелері бойынша дәрігерлер мемлекет басшысы лауазымына үміткердің өз міндеттерін орындауға кедергі келтіруі мүмкін ауруы бар-жоғын анықтайды.

Президенттік сайлауға соттылығы жойылмаған азаматтар мен парақорлар қатыса алмайды.

Сондай-ақ, заңнамада президенттің кезектен тыс сайлауы тағайындау күні жарияланғаннан кейін екі ай ішінде өткізілуі тиіс делінген.

Белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер өз үміткерлерін ұсынуға құқылы.

Қоғамдық бірлестіктер ел басшысы лауазымына осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табылмайтын үміткерді ұсына алады.

Қазақстандағы қоғамдық бірлестіктер саяси партиялар, кәсіподақтар немесе ерікті негізде құрылған азаматтардың басқа да бірлестіктері болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel