Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түс жору: Тісіңіз түсіп, үгітілсе не болады

Опубликовано:

Түс жору: Тісіңіз түсіп, үгітілсе не болады
Түс жору: Тісіңіз түсіп, үгітілсе не болады: pixabay.com

Көптеген әлем халқы түске көп сене бермесе де, оларды болжап, алдағы болатын оқиғалардың белгісі деп санайды. Осы орайда кей адамдардың түсіне кейде тісінің түсіп қалғаны кіреді. Мұндай түс ненің белгісі болуы мүмкін? KAZ.NUR.KZ-тің бүгінгі материалында осы жөнінде айтатын боламыз.

Түсіңізде тісіңіз түссе, мұңаймаңыз. Бұл сізге теріс әсер ететін қарым-қатынас аяқталады деген сөз. Алайда аузыңыздан жағымсыз иіс шыққанын көрсеңіз, көп ұзамай күш-қуатыңыз сарқылады деген сөз. Еnigma-project сайты түсте тіс кіруге қатысты болжамдарды ұсынады.

Психологтар шынайы өмірде тісіңіз ауырып жүрсе, ондай түске мән бермеуге шақырады. Себебі бейсанаңыз дереу дәрігерге бару керегін ескертіп жатыр.

  • Тісіңіз үгітілгенін немесе сынғанын көрсеңіз, заң мәселесінде және қаржы мәселесінде абай болыңыз.

Қиындықтар күтпеген жерде пайда болуы мүмкін. Мамандар шыдамдылық танытып, барлық құжатты тексеруге кеңес береді.

  • Ауыз қуысыңыз күтілмеген болса, онда бұл серіктесіңіздің сатқындығы жайында ескертеді.

Бәсекелестеріңіз мұндай мүмкіндікті пайдалануға тырысады.

  • Күрек тісіңіз түсіп қалса, онда жақында туған-туыстарыңызбен жанжал болады деген сөз.
  • Ал тіс түскенде қан ағып, қатты ауыратын болса, онда жақындарыңыз сізді түсінбей, тіпті ұзақ уақытқа айырылысу мүмкіндігі бар екенінің белгісі.
  • Тісіңіз үгітіліп, жаман иіс шықса, онда денсаулығыңызға мән беру керек.
  • Азу тісіңіз сынып, оны түкіріп тастасаңыз, онда күш-қайратыңыз сарқылады деген сөз.

Түсіңізде тістің түсуі көп жағдайда денсаулығыңыз сыр береді деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты түсіңізде тісті түкірсеңіз де сіздің немесе жақындарыңыздың денсаулығында кінәрат бар деген мағынаны білдіруі мүмкін. Сонымен бірге түсіңізде тісіңіздің жоқ болып кеткенін байқасаңыз, онда еңбегіңіз зая кетеді деген сөз.

Бұған қоса танымал түс жорамалдарында түсте қанша тістің түсуі де үлкен мағына береді. Мысалы егер бір тіс түссе, онда жағымсыз жаңалықтар болады, екі тіс түссе – бастаған ісіңіз сәтсіз аяқталады, үш тіс түссе – үлкен қиындықтар болатынын, ал бүкіл тісіңіз түссе онда қайғылы жағдай болады деген мағынаны білдіреді.

Ванганың түс жорамалы

Түсте тістің түсуін белгілі көріпкел өз ортаңыздағы адамдардың бірінің кенеттен қайтыс болуымен, ал егер түскен тіспен бірге қан болса, онда жақын туысыңыздың қайтыс болуымен байланыстырған. Сол сияқты мүлде тіссіз қалсаңыз, онда өміріңіз қызықты болады, немесе қартайғанда жалғыз болатыңызды немесе жақындарыңызға уайымдап жүргеніңізді білдіреді.

Түс жору: Тісіңіз түсіп, үгітілсе не болады
Түс жору: Тісіңіз түсіп, үгітілсе не болады: pixabay.com

Ислам түс жорамалы

Құранды негізге ала отырып түс жоритындарда түсте тіс көруге қатысты бірнеше болжам бар. Олардың кейбірі түсте тістің түсіп қалуын ұзақ жасаумен байланыстырады, мәселен түсіңізде тісіңіз неғұрлым көп түссе, онда соғұрлым ұзақ ғұмыр кешесіз деген болжам бар. Сол сияқты тісіңіз қолыңызға түссе, онда өмірде бай адам боласыз деген сөз.

Ал барлық тістеріңіз түсіп қалса, онда сіз ата-бабаларыңдың арасында ұзақ ғұмыр жасайтын жансыз деген сөз.

Фрейдтің түс жорамалы

Белгілі психосарапшы түсте тістің түсіп қалуын адамның әлдекімдер іштегі сырын біліп қала ма деген қорқынышымен байланыстырады. Ал егер түсіңізде сіз тісіңізді әдейі орнынан қозғалтып, оны түсіруге әрекет етсеңіз, онда сіз сүйіктіңізбен жыныстық қатынасқа көңіліңіз толмай жүр деген сөз.

Жалпы түсте не көрсеңіз, соның барлығы өңіңізде орын алады деген - қате түсінік. Сол себепті қандай түс көрсеңіз де, оны іштей жақсылыққа жорыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787868-ts-zoru-tisiiz-tsip-gitilse-ne-bolady/

pixel