RU
Дариға Назарбаева президент сайлауына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева президент сайлауына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Дариға Назарбаева Қазақстан президенті сайлауына қатысуы туралы тараған ақпаратқа жауап берді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 9 маусымда өтетін болды>>>

Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы: Тоқаев жарлыққа қол қойды>>>

"Конституция мен заңдарға сәйкес, кез келген азамат дауысқа түсе алады. Ұсынылатын кандидаттар туралы шешімді саяси партиялар қабылдайтын болады", -деді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, ол сайлау нәтижелері Қазақстан халқына байланысты болатынын, барлығы заң жүзінде өтуі тиіс екенін алға тартты.

Алайда, Дариға Назарбаева партия өз кандидатурасын сайлауға ұсынған жағдайда ұсынысты қалай қабылдайтыны туралы мәлімдеген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық БАҚ-та сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстан президенті сайлауына қатыспайтыны туралы ақпарат тараған.

Сіздің реакцияңыз
12
17
0
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel