Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан көшелерін арнайы сусабынмен жуа бастады (видео)

Опубликовано:

Елорда көшелерін бүгіннен бастап арнайы сусабынмен жуа бастады. Бұл жаңашылдыққа қатысты ақпарат хабарланған видео қала әкімі Бақыт Сұлтановтың ресми Facebook парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Бейнероликте "Астана-Тазалық" басшысы Нұрлан Қасымов Нұр-Сұлтанда қала көшелерін арнайы жол тазалауға арналған сусабынмен жуу жұмысы бастау алғанын айтты.

Ол бұл сусабын тас жолды қыс мезгілінде көктайғаққа қарсы қолданылған материалдардан, қалдықтардан, жанармай дақтарынан тазартатынын жеткізді.

Маман жай су мұндай күрделі дақтардан тазартуға қауқарсыз екенін алға тартты.

«Біз үшін жаңа жол таңбаларын бастырмас бұрын көшелерді тиянақты түрде жуып шығу аса маңызды. Себебі, таза тас жолда таңбалар ұзақ сақталады" , - деді Қасымов.

Анықталғандай, сусабын адамдар үшін қауіпсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787882-nr-sltan-kselerin-arnajy-susabynmen-zua-bastady-video/

pixel