RU
Отандық саясаттанушы президенттікке үміткерлерді болжады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Отандық саясаттанушы президенттікке үміткерлерді болжады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Қазақстандық саясаттанушы Марат Шибұтов осы оқиғаға орай пікірін білдірді. Сарапшының сөзінше, президент сайлауына төрт саяси партия қатысуы мүмкін. Олар ең жақын арада өз кандидаттарын ұсынулары тиіс деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы сайлау: Саясаттанушы президенттікке үміткерлерді болжады

Көрнекі фото: Аrnapress.kz

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы: Тоқаев жарлыққа қол қойды>>>

Тоқаев: Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін>>>

Дариға Назарбаева Қазақстандағы президент сайлауына қатыспайды>>>

Қазақстандағы сайлау: Кім президенттікке үміткер бола алады?>>>

Бүгін Қазақстан халқына үндеу жолдаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.

Марат Шибұтовтың пікірінше, кем дегенде төрт партия өз үміткерлерін ұсынады.

Сондай-ақ, бір немесе екі қоғамдық бірлестіктің қатысуы мүмкін. Бірақ сарапшының пікірінше, мұндай мүмкіндік жоқтың қасы.

Сонымен бірге, Шибұтов "Нұр-Отан" партиясы атынан кім үміткер болатынын атады. Оның пікірінше, қоғамдық бірлестік сайлауға үміткер ретінде Тоқаевты ұсынады.

Саясаттанушының ойынша, негізгі мәселе - "Ақ жол", "Ауыл" және "Коммунистік халық партиясы" партияларының қатысуы.

"Меніңше, партия басшыларының өздері үміткер болады. Олар: Азат Перуашев, Айқын Қоныров және Әли Бектаев. Бұл сайлауға деген қызығушылықты артырып, жалпы легитимділік үрдісі үшін оң әсер етеді", - деп мәлімдеді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз
15
2
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel