RU

Темірге асылып билеген 49 жастағы Лопес әуретті жерін көрсетіп қойды (видео)

Америкалық әнші Дженнифер Лопес өзінің жаңа клипінде ашық-шашық образымен көзге түсті. Әнші French Montana есімді репермен дуэт орындаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дженнифер Лопес. Фото: Клиптен кадр
Дженнифер Лопес. Фото: Клиптен кадр: Instagram

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес өзінің тыңдармандарын естен тандырған.

Қазіргі уақытта әнші Александр Родригеспен тойға дайындалып, "Hustlers" фильмінде стриптизер қыздың рөлін де ойнауда.

Сондай-ақ, әнші өзінің жанкүйерлерін жаңа клипімен де қуантты.

Джей Лоның су жаңа бейнебаяны 7 сәуір күні желіде пайда болған.

Клипте 49 жастағы әнші стриптизерлерге арналған темірде мың бұрала билеген.

Тіпті бодимен билеген әншінің кей кадрлерде әуретті жері де көрініп қалады.

Айта кетейік, бейнебаян үш күн ішінде 3,5 млн қаралым жинап үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік, Дженнифер Лопес биылғы жылдың 24 маусымында 50 жасқа толады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787893-temirge-asylyp-bilegen-49-zastagy-lopes-uretti-zerin-krsetip-kojdy-video.html