Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елбасын қимаймыз": Елордалықтар президент ретінде кімді таңдайды?

Опубликовано:

Күні кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда осы жылдың 9 маусымында президент сайлауы өтетінін мәлімдеген еді. Аталмыш жаңалықтан хабардар болған елордалықтар болашақ президенттің кім болатынына қатысты өз ойларын ортаға салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pixabay.com
Көрнекі фото: Pixabay.com: Getty Images

Блиц-сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аталмыш сайлауда жеңіп шығады деген болжам жасады.

"Меніңше қазіргі президент өз орнында қалады", "Халық Тоқаевқа дауыс беретін сияқты", "Тоқаев президент қызметіне келгенінен бір ай ғана уақыт болды, сол кісі қайта сайланатын шығар", - деп өз ойларымен бөлісті астаналықтар.

Сауалнамаға қатысқандардың кейбірі болса Елбасы Назарбаевты әлі де қимайтындарын жеткізді.

"Елбасын, тұңғыш президент түсе ме деген үміт бар", "Бәрі тез болып жатыр, негізі Елбасын әлі де қимаймыз", "Мүмкін Назарбаевтың өзі түседі", - дейді елордалықтар.

Блиц-cауалнамаға қатысушылардың арасында Дариға Назарбаеваны президенттікке басты үміткер етіп атағандар да бар.

"Көпшілік Дариға Назарбаева да сайлауға түседі деп жатыр. Бірақ спикердің өзі түспеймін депті. Кім біледі? Бәрін уақыт көрсетер, бастысы елімізде тыныштық болса болғаны" , - дейді өзін Арын деп таныстырған ақсақал.

Айта кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға кеше үндеу жолдаған еді. Онда ол маусымның 9-ы күні елімізде Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787895-elbasyn-kimajmyz-elordalyktar-prezident-retinde-kimdi-tadajdy/

pixel