RU
Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Жаслан Мәдиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Серік Жұманғаринді алмастырған деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Жаслан Мәдиев, Серік Жұманғарин. Фото: bil-edu.kz, bnews.kz

Жаслан Мәдиев, Серік Жұманғарин. Фото: bil-edu.kz, bnews.kz

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Осыған дейін аталған қызметті атқарған Серік Жұманғарин берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Жаңа вице-министр Жаслан Мәдиев 1983 жылы дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған.

"Альянс Банк" АҚ, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақстанның даму банкі" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары "Ұлттық инвестициялық корпорация" АҚ-да, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2017 жылдан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, қызметінен кеткен Жұманғарин бұған дейін тарифке қатысты сұрақ қойған журналистің сауалына өрескел жауап беріп, желіні шулатқан болатын.

Кейін экс-шенеунік айтқан сөзі үшін кешірім сұрап, өз тарапынан өрескелдік болғанын мойындаған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel