RU
Алматы тұрғындары келесі президент ретінде кімді көргісі келетінін айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғындары келесі президент ретінде кімді көргісі келетінін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасап, елдегі кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусым күні өтетінін мәлімеді. Осы орайда NUR.KZ тілшілері Алматы тұрғындарының пікірін сұрап, олардың президент ретінде кімді көргісі келетінін біліп қайтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Тілшілердің сауалына жауап берген оңтүстік шаһар тұрғындарының дені алдағы сайлаудағы негізгі үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көретіндерін атап өткен.

Олар қазіргі президент қызметін жалғастыра берсе деген ойын білдірген. Тұрғындардың сөзінше, Тоқаев қазіргі кезеңде елді басқаруға ең лайықты адам.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардың көбі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекет басшысы ретінде қайта көргісі келетінін жеткізген.

"Егер Елбасы қайта келсе, бәрі жақсы болады", "Ол кісімен ешқандай проблема болған жоқ, онымен тыныш", деп түрлі пікірлерін білдірді алматылықтар.

Ал үштікті сенат төрайымы Дариға Назарбаева тәмәмдаған. Тұрғындардың кейбірі оны келесі президент ретінде көретінін болжаған.

Сауалнамаға қатысушылардың арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовті президент ретінде көргісі келетіндер де табылды.

"Менің ойымша келесі мемлекет басшысы Иманғали Тасмағамбетов болуы керек. Бұл ең дұрыс шешім болады", Біздің Ресейдегі елшіміз... Тасмағамбетов. Ол сайлауға түседі деп ойлаймын", "Тасмағамбетов, мүмкін сайлауға қатысатын шығар", "Мен келесі президент Тасмағамбетов болғанын қолдаймын", деп пікірін жаудырды тұрғындар.

Атап өту керек сауалнамаға қатысушылардың кейбірі мемлекет басшысы ретінде жаңа, жас әрі заманауи саясаткерді көргісі келетінін де айтқан.

Еске сала кетейік Қазақстанда осы жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 9 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Сіздің реакцияңыз
22
0
1
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel