RU
Атырауда сәбиді қоқыс маңына тастап кеткен: Жаңа деректер пайда болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда сәбиді қоқыс маңына тастап кеткен: Жаңа деректер пайда болды

Рассказать Вконтакте

Атырау Полиция департаменті табылған қоқыс маңынан табылған тоғыз айлық нәресте жайлы жаңа ақпарат ұсынды деп хабарлайды Ақ Жайық басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ok.ru

Фото: ok.ru

Анықталғандай, баланы келіншектің бірге тұратын азаматы емес, күйеуінің ағасымен бірге тұратын келіншек жоғалтып алған. Сәбиге бас-көз болып отырған туысы оны жұмыстағы анасына таксимен апарып бермек болыпты.

Жол бойында келіншек Атырау көшелерінде қайыр сұрап отырған танысын кезіктеріп қалады. Танысы одан халық көп ақша тастау үшін баланы бере тұруын сұрайды.

Полицияда хабарлағандай, жолда өтіп бара жатқан учаскелік полицей қазақ әйелдің славян бет-әлпетті балақаймен отырғанын бірден байқаған. Қорыққан келіншек оны қоқыстың жәніндегі қораптан тауып алғанын айтыпты.

Дәрігерлер сәбиді толық тексеруден өткізді. Оның денсаулығында еш кінәрат жоқ, қазір анасымен бірге.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның тиісінше орындамауы фактісі бойынша тергеу басталды .

Болжам бойынша, іс баланы берген туысқа қатысты қозғалады.

Сіздің реакцияңыз
2
4
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel