RU

Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру күшейтілді

Алматы халықаралық әуежайында жолаушыларды тексеру жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы әуежай әкімшілігі Facebook-тағы ресми парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: avia-mir.ru
Фото: avia-mir.ru: Instagram

Хабарламада 10 сәуір күні сағат түнгі 12-де әуежайға алғашқы тексеру желісі қойылғаны айтылған.

Жаңа енгізулерге сәйкес, жолаушылар терминалға кірер жолда тексеріледі. Сонымен қатар, олардың жүктері мен қол жүктері де тексеруден өтеді.

Осыған байланысты, әуежай әкімшілігі жолаушылардан аэровокзалға ерте келуді сұрайды.

Одан бөлек, әуежайда халықаралық рейстерге тіркеу ұшуға үш сағат қалғанда, ішкі рейстерге тіркеу ұшуға екі сағат қалғанда жүзеге асып, 40 минут қалғанда жабылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787960-almaty-uezajynda-zolausylardy-tekseru-ksejtildi.html