Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал адамдардан да көп оқырман жинаған иттер туралы білесіз бе?

Опубликовано:

Интернетте "ит пен мысық" арасындағы айқас ешқашан бітпейтін сияқты. Сіздің қай жақты таңдайтыныңыз өз еркіңізде. Ойлана беріңіз. Ал bigpicture.ru әлемдегі оқырманы көп ең "нәзік иттер" туралы ұсынады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

1. ДжиффПом

"Сұлулық - шындық", - деп жазылған оның парақшасында. ДжиффПомның Instagram желісінде 8,4 миллионнан астам оқырманы бар. Әрине бұл таңғаларлықтай жетістік. Қазіргі уақытта ДжиффПом әлемдегі ең танымал ит болып табылады.

Айтпақшы, ол актер. ДжифПом әнші Кэти Перридің Dark Horse клипіне түсті.

2. Мопс Даг

Даг — интернеттегі ең танымал иттердің бірі. Оны 3,3 миллион желі қолданушысы бақылайды. Даг - әлемдегі ең озық сән үлгілерімен киініп, көпшілікті таңғалдырудан жалыққан емес. Ол бірнеше телехикаяларда ойнады.

3. Марутаро

Танысып отырыңыздар, бұл Марутаро. Ол күлгенді және ойнағанды жақсы көреді. Оның 2,6 миллион оқырманы бар!

4. Марни

Марни өзінің ерекше түрі арқылы танымалдыққа ие болды. Қазіргі уақытта оның 2 миллионнан астам оқырманы, жеке сайты мен авторлық кітабы бар.

5. Туна

Туна - қожайынын байлыққа кенелткен иттердің бірі. Оның ерекше түрі көпшіліктің қызығушылығына алып келді. Қазіргі уақытта итті 1,9 миллион желі қолдануысы бақылап отырады.

6. Локи

Локи қожайынымен бірге саяхат жасағанды ұнататын иттің бірі. Оның парақшасында тартымды суреттер өте көп орналасқан. Желі оқырмандары Локиді 1,7 миллион оқырманы бар "саяхаттаушы-блогер" деп атайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787963-tanymal-adamdardan-da-kp-okyrman-zinagan-itter-turaly-bilesiz-be/

pixel