RU
Замира Сұлтан көпшілікті және енесін "екіқабатпын" деп алдаған болып шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Замира Сұлтан көпшілікті және енесін "екіқабатпын" деп алдаған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын екінші рет тұрмысқа шыққанын айтқан Замира Сұлтан тағы бір тың жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды Ernur.kz.

Атышулы келіншектің айтуынша, ол көпшілікті және болашақ енесін "екіқабатпын" деп алдауға мәжбүр болған.

"Бүкіл елге жүкті екенімді айтқанмын. Бірақ менің аяғым ауыр емес. Менің жігітімнің мені әйел етіп алуына анасы қарсы. Мен сияқты келінді қаламады.

Содан мен жүктілікті ойдан құрап алдым. Соны естігеннен кейін біраз қарсылығын қойды. Жүктімін деп айтып жүргеніме төрт айдан асып кетті.

Ішім шығатын уақыт болды. Біраз уақыт бұрын "Қалаулымға" барғанда да біраз өтірік екіқабат болып отыруыма тура келді.

Содан кейін соңғы эфирлерде күйеуім де келетін болған, сосын екеуміз бірге бұл жоспарымызды айтатын болғанбыз. Махаббат үшін жасадық деп. "Мен енемді алдайын деген ойым болған жоқ" деп айтайын десем жігітім келмей қалды.

Содан өзімнің жалғыз айтуға дәтім шыдамады. Махаббат үшін енемді де, елді де алдадым. Балалы болу әзірге ойда жоқ. Некеге отырамыз, содан кейін болып қалар", - дейді жан сырымен бөліскен Замира Сұлтан.

Естеріңізге сала кетейік, Замира Сұлтан бірінші күйеуінің ескі досына тұрмысқа шыққанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
30
3
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel