RU
"30 жас кіші": Цекало бірінші рет қазақстандық келіншегі туралы сұқбат берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"30 жас кіші": Цекало бірінші рет қазақстандық келіншегі туралы сұқбат берді

Рассказать Вконтакте

Атақты ресейлік шоумен және продюсер Александр Цекало қоғамнан ұзақ жасырған қазақстандық әйелі Дарина Эрвинмен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Бұл туралы "Культура" телеарнасының "Белая студия" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Александр Цекало Дариной Эрвинмен бірге. Фото: Тараканов Вадим/PhotoXPress.ru

Александр Цекало Дариной Эрвинмен бірге. Фото: Тараканов Вадим/PhotoXPress.ru

Бірнеше апта бұрын Александр Цекалоның қазақстандық модель Дарина Эрвинмен көңіл жарастырғаны белгілі болған.

Бұған дейін ресейлік шоумен жаңа романын жарнамалаудан аулақ болуға тырысқан еді. Үйленгеннен кейін жұлдызды жұп сезімдерін көпшілікке көрсете бастады.

Желіде бұған дейін атышулы жұптың бірге демалыста жүрген суреттері тарап, көпшіліктің әңгімесіне айналған.

Енді заңды түрде ерлі-зайыпты атанған ғашықтар отбасылық өмірлерінің қыр-сырын жұртқа айтуды шешкен сыңайлы.

Көптеген оқырмандар Цекало қазақстандық модельдің жанында өзін бақытты сезінетіндігін, бірде бір секунд сүйіктісін жанынан алыстатпайтынын байқапты.

Ресейлік шоумен жаңа сезім таза ауа сияқты әсер еткенін, шығармашылықта шабыт алғанын жеткізді.

"Махаббат кеңістіктерден де асып түседі. Бұл - есірткі сияқты, айырмашылығы сатып алуға келмейді және ол - кіршіксіз таза", - деді шоумен.

Өткен шақтан Цекало ештеңені де өзгерткісі келмейтінін мойындады, ол "өз адамын" жолықтырғанын алға тарты.

"Қазіргі уақытта өзімді ең бақытты жан сезінемін... Жанымда мен үшін өте қымбат және бағалы жан бар. Әйелім Даринді шексіз жақсы көремін. Артта не болғаны маңызды емес, ең бастысы алға қарау керек", - деді ол.

Айта кетейік, ресейлік шоумен өзінен 30 жас кіші алматылық Дарина Эрвинге үйленді. Бойжеткен Қазақстанда тұрып, кейінірек Америкаға кетіп қалыпты.

Сіздің реакцияңыз
10
4
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel