RU
Көкшетауда бір жасар қыз екпеден кейін екі күннен соң қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көкшетауда бір жасар қыз екпеден кейін екі күннен соң қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда 6 наурыз күні бір жасар қыз қайтыс болды. Медицина қызметкерлері оның өлімін ерте жасалған екпемен байланыстырып отыр. Алдын ала диагноз "кенеттен қайтыс болу синдромы" болған деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: parentsavenuemagazine.blogspot.com

Көрнекі фото: parentsavenuemagazine.blogspot.com

Ақмолалық полицейлер екпеден кейін көз жұмған көкшетаулық бір жасар қыздың өліміне қатысты сот алды тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады.

Бүгінде қажетті сараптамалардың нәтижелері алынған, бірақ олар әлі жарияланбайды.

"Қылмыстық кодекстің "медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауының абайсызда адам өліміне әкеп соғуы" бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, мәліметтер жарияланбайды", -деді Ақмола облыстық полиция департаментін бастығының баспасөз хатшысы Гүлнара Пинчук.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel