RU
"Елдің құрты болдық": Әбдірайымов қызды қорлайтын жігіттерді жер қылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Елдің құрты болдық": Әбдірайымов қызды қорлайтын жігіттерді жер қылды

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" квартетінің солисті Бағлан Әбдірайымов қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге ер адамдарды кінәлады. Әнші өзінің Instagram парақшасында қазақ жігіттерінің айыбын бетіне басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қыздардың жалаңаштануы мен пәктігін сататын арулардың ісі үйіндегі ер адамның әлсіздігінен орын алғанына сенімді.

"Арын 2 млн теңгеге сатқысы келген қарындас кінәлі емес! Көшеге баласын тастап кеткен қыз да, шарбаққа іліп кеткені де, әжетxанаға тастағаны да, қазақтың ұлттық сәукелесімен суретке жалаңаш түскен Шырын да, клубта шешінген Байзақова да, қытайға, қара нәсілдіге тиіп жатқаны да кінәлі емес.

Кінәлі - үйде отырған әкесі, ағасы, інісі, яғни біз еркек тоқтылар! Оларға жазылып, лүпіл басамыз ғой, шіркін. Әйел басқара алмайтын жағдайға жеттік. Сөзіміз өтпейді. Майдаланып біттік, қысқасы.

Эфирде осындай бағдарлама басқарып, жүргізіп жүрген басшылықтағы еркек кінәлі. Өйткені, оны уйде әйелі басқарады", - деп күйінді әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі қазақ қыздарының намысын аяғына таптап жүрген жігіттерді де қатаң сынға алды.

"Біз кімбіз? Еркектер қайда? Олар өз қарындастарына қиянат жасап әлек болуда. Нәпсінің жетегінде жүр.

Омар Жалел ағамыз айтып еді: "Ер - ол рух, дене - қатын" деп. Қазір "ер" жоқ, қатын көп. Жүрміз дене мүшемізді басқара алмай.

Аналар, жеңгелер, қарындастар, кешіріңіздер! Еркек болсам да, менің де намысыма тиіп отыр. Менің де анам, қарындастарым, қыздарым бар. "Біздің елдің жігіттері, жігіттердің сырттаны" едік, ал енді құрттары болдық.

Ес жинайық жігіттер! Отан - отбасынан басталады. Егер де, әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие болып, қарындастарымызды қорғаштай білсек, қыздарымызға ие болсақ, өзгенің аруларын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұндай xәлге бармас едік!
Өз қарындасымызға мықтымыз деп ойлаймыз. Біреудің қарындасының арымен ойнаймыз. Сол сәтте үшінші біреу сіздің де үйдегі қарлығаштың айылдарын ашып кетуде. Ойланайық", - деп жазды ашынған әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
1
0
38
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel