Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жылу магистралінің жарылған сәтінен видео пайда болды

Опубликовано:

Алматыдағы Пушкин көшесінде орналасқан жылыту магистралінің жарылған сәтінде түсірілген видео пайда болды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Видеода куәгер су өте жоғары қысыммен жерді тесіп шығып, жоғарыға қарай атқылап жатқанын айтады.

Кадрдан екі ер азаматтың оқиға туралы әңгімелесіп жатқанын да анық естуге болады. Олардың бірі судың тұрғын үйдің ішіне кіріп жатқанын жеткізді.

Еске сала кетсек, бүгін, 10 сәуірде сағат таңғы 4:14-те Алматыдағы Пушкин көшесінде жылу магистралі жарылып кетті. Оқиға салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787991-almatydagy-zylu-magistralini-zarylgan-stinen-video-pajda-boldy/

pixel