RU
Байбек Алматыдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек беруді тапсырды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Байбек Алматыдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек беруді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "АлТС" басшылығына жылу магистралі жарылысынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен қатар, Оңтүстік астананың әкімі компания басшылығына келтірілген залалды өтеуді тапсырды.

Айта кететін жайт, қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту барысында соңғы бірнеше жыл ішінде ғана екі мың километрге жуық инженерлік коммуникация жөнделді. Биылғы жылы тағы 618 км желіні салу және жөндеу жоспарланған, оның ішінде 160 км электр, 223 км газ, 10 км жылу желілері жаңарады. 52 мыңнан астам қала тұрғындарын сапалы сумен және оны тартумен қамтамасыз ету үшін 12 км су құбырының және 105 км кәріздің құрылысы аяқталады.

Наурызбай ауданында 107,5 км су құбырын және 81 км су тартудың, Ақсай мен Қарғалыдағы фильтрлі тазартқыш екі стансаны салудың ЖСҚ жасалуда. Құрамыс, Таужолы, Жайлау елді мекендерінде су желілерін салудың ЖСҚ дайын. Бұл жобаларды жүзеге асыру биылғы жылы басталады және 140 мыңға жуық тұрғын сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Қалаға қосылған елді мекендердегі 28 мыңнан астам тұрғынды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету үшін бұрын 560 км инженерлік желілер салынып, реконструкцияланды.

Айта кетейік, Алматыда жылу магистралі жарылып, бірнеше адам ауруханаға түсті. Артынша оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel