RU
Илья Ильин Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын болды

Илья Ильин Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын болды

Рассказать Вконтакте

20-28 сәуір күндері Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников сары құрлық додасына Илья Ильин мен Жазира Жапарқұл қатысатынын мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Мельниковтың сөзінше, құрлық біріншілігі 2020 жылғы Токио олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің қатарына кіреді.

Ол команда мүшелері дайындық барысында Ресейдің Сочи қаласында бір бойы оқу-жаттығу жиынын өткізгенін айтты.

Бас бапкер Қытай төрінде сынға түсетін спортшылардың анықталғанын алға тартты.

"Азия біріншілігіне қатысатын спортшылар арасында олимпиада чемпионы Рахим Нижатов, олимпиада жүлдегері Денис Уланов пен Жазира Жапарқұл бар. Сондай-ақ, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да қатарға қосылды", - деді ол.

Мельников Илья Ильиннің салмақ ауыстырғанын да жеткізді.

"Ильин 96 келіге қайта оралды. Өйткені, басқа таңдау жоқ. Олимпиадалық салмақ дәрежесіне 96 және 109 келі енеді. Ильин 96 келіде бақ сынауды жөн көрді", - деді бас бапкер.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel