RU
"Қазағым сенің ғана ұланыңмын": Әбдіжаппар Әлқожаның кезекті жазбасы қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазағым сенің ғана ұланыңмын": Әбдіжаппар Әлқожаның кезекті жазбасы қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын сұқбат барысында қожалар жайлы айтамын деп көпшіліктің ашуына тиген Әбдіжаппар Әлқожа енді халыққа жыр шумақтарын арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жыр жолдарын Instagram парақшасында жариялаған.

"Қазағым сенің ғана ұланыңмын, Өзіңсің қайырмасы мың әнімнің. Тілгілеп ту сыртымнан жатқандарға, Қасқайып қарсы қарап тұрар ұлмын. Қағынып, қанша мерген оқ атса да, Қағынан жерімейтін құланыңмын", - деп жазған әнші.

Әншінің бұл жырын кешірімге балаған желідегілер жылы шырай танытса, кейбір өкпелі тыңдармандарының жүрегін жылыта қоймаған.

"Қашанғы даттай береміз?", "Кешірейік", "Өзің айттың. Енді өзің жауап беріп жүрсің", "Сағың сынбасын! Бәрі уақытша нәрсе ғой", "Енді жаңылма! Әніңді айтып жүре бер. Тек ендігі де ойланып сөйлеу керек", "Өзі айтып, өзгелерді әлі кінәлап жүр" деп пікір білдірген желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа отандық бағдарламалардың бірінде қожалар жайлы айтқан болатын.

Осыдан кейін Әбдіжаппар Әлқожаның айтқаны желіде қызу талқыға түсіп, белгілі заңгер әншіні жауапқа тарту керектігін жеткізді.

Ал көп ұзамай әнші айтқан сөзін түсіндіріп, көпшілікке видео-үндеу жолдады.

Сіздің реакцияңыз
33
1
4
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel