RU
Әділет министрлігі: Тоқаевтың шетелдегі жұмысы сайлауға түсуге кедергі болмайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әділет министрлігі: Тоқаевтың шетелдегі жұмысы сайлауға түсуге кедергі болмайды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі жұмысы оның сайлауға түсуіне кедергі болмайтыны белгілі болды. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

"Қызметтік қажеттілікке байланысты Қазақстан Республикасы оны шетелге жіберді. Сондықтан бұл ұсынуға кедергі болып саналмайды", - деді ол журналистерге.

Айта кетейік, конституцияның 41 бабына сәйкес Қазақстанның президентігіне тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған азамат сайлана алады.

Үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген және соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұруы тиіс.

2011-2013 жылдар аралығында Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысының орынбасары, Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық кеңсесінің басшысы болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel