Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқынышты болды": Алматыдағы төтенше жағдай туралы куәгерлер айтты

Опубликовано:

Ыстық судың астында қалған үй тұрғындары мән-жайды айтып берді деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қорқынышты болды. Бәрі дүрлікті": куәгерлер Алматыдағы төтенше жағдай жайлы
Фото: NUR.KZ: Original

Көпқабатты үйдің тұрғыны Ксения сел жүрді немесе бұршақ жауды деп ойлаған.

"Балалардың бөлмесіне жүгіріп бардым. Абырой болғанда олар қашып кетіпті. Тастар төсекке дейін ұшқан. Қорқынышты болды. Бар жерден су аққан соң, адамдар дүрлігіп кетті", - деді келіншек.
"Қорқынышты болды. Бәрі дүрлікті": куәгерлер Алматыдағы төтенше жағдай жайлы
Фото: NUR.KZ: Original

Әйел адамның сөзінше, құбыр жарылғанын олар бесінші қабатқа көтерілгенде ғана анықтаған.

Нұрлан Жүртановтың айтуынша, олар тарс еткен дыбыс естіген. Содан кейін бірден пәтерге су кіре бастапты. Дәлізге шыққанында жылыту құбыры жарылғанын түсінген.
"Қорқынышты болды. Бәрі дүрлікті": куәгерлер Алматыдағы төтенше жағдай жайлы
Фото: NUR.KZ: Original
"Балконнан сыртта не болып жатқаны көрінбеді. Тастар ұшып, терезені сындырып жатты. Барлық затқа ыстық су құйылды", - деді ер адам.

Еске сала кетейік, бүгін 10 сәуір күні таңертең Төле би - пушкин көшелерінің қиылысында жылыту магистралі жарылды.

Оқиға салдарынан төрт адам ауруханаға түсіп, жақын маңда тұрған үйге су кетіп, көліктер зақымданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788044-korkynysty-boldy-almatydagy-ttense-zagdaj-turaly-kugerler-ajtty/

pixel