RU
Тоқаев Қосшы ауылындағы су мәселесін тез арада шешуді тапсырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Қосшы ауылындағы су мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Қосшы ауылының тұрғындары тап болған мәселеге назар аударды. Елді мекендегі жағдайға қатысты жазба президенттің Twitter парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Аkorda.kz

Фото: Аkorda.kz

"Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы аулының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл - тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема" , - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, президент жазбасының астында КТК арнасының Қосшы ауылының тұрғындары сусыз қалғаны жайлы ақпараты келтірілген.

Онда Нұра өзені арнасынан тасып, салдарынан су жиналған ұңғымаларды басып қалғаны жайлы айтылған.

Салдарынан шамамен 25 мың адам сусыз қалған. Енді тұрғындар үйлеріне суды шелектеп тасуға мәжбүр.

Тоғызыншы сәуірдегі жағдайға байланысты елді мекенде су бес күн болмаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel