RU
Бірде-бір рет сайлауға бармаған Тәуекел Мүсілім желідегілерді таңырқатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бірде-бір рет сайлауға бармаған Тәуекел Мүсілім желідегілерді таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Тәуекел Мүсілім әлеуметтік желіде осы күнге дейін бір-бір рет дауыс бермегенін ашып айтты. Бұндайды актерден күтпеген желі қолданушылары оны сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес серісі өзінің сайлауға бірде-бір рет бармағаны жайлы ақпаратпен Instagram парақшасында бөліскен.

"Қазақстанда кезектен тыс сайлау болып өтпек. Шынымды айтсам, бірде-бір рет сайлауға бармаппын" , - деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары актерге бұның мақтанарлықтай дүние емес екенін айтқан.

"Мен сені өз елінің азаматы әрі патриоты деп санасам. Мақтанатын нәрсе тауыпсың", "Ұят, бұл қалай болғаны?" , "Сайлауға бармағанымен несімен мақтанасыңдар? Барып дауыс беріңдер, мүмкін сол кезде басшылар халыққа бұрылар" , "Осы жолы міндетті түрде бар" ,
"Елің үшін аса маңызды шешім қабылдауға ат салысуың қажет" , "Мен өз басым үнемі барам. Себебі мені елімнің болашағы алаңдатады. Мен мелмекетімнің патриотымын. Сізге де баруға кеңес беремін" , деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
9
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel