RU
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі баланың анасы табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі баланың анасы табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен екі баланың анасы табылды. Ольга Сальникті екі жарым ай бойы іздеу салынған деп хабарлайды"Костанайские новости" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ольга Сальник. Фото: kstnews.kz

Ольга Сальник. Фото: kstnews.kz

Қуанышты хабарды жоғалып кеткен келіншектің анасы Наталья Николаевна хабарлаған. Ол бірнеше күн бұрын қызын іздестіруге көмектесу үшін БАҚ өкілдеріне жүгінген.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 31 жастағы әйел адам көрші Көктал ауылындағы шаруа қожалығында жұмыс істеп жүрген. Қазір ол анасы мен балаларына оралды.

Айта кетейік, бұған дейін екі баланың анасы Ольга Сальниктің 28 ақпаннан бері табылмай жатқаны хабарланған еді.

Келіншек жоқ кезде оның балаларына анасы қараған.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel