RU
Қазақстандағы президент сайлауының нақты уақыты хабарланды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстандағы президент сайлауының нақты уақыты хабарланды

Рассказать Вконтакте

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының нақты уақытын атады. Болашақ президентке дауыс беру 9 маусым күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

Дауыс беру 9маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00 мен 20:00 аралығында өтпек.

Дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күн мерзім ішінде (11 маусымнан кешіктірмей) жеткізіледі.

Оған қоса, сайлау нәтижелерін анықтау және оны жария етумен қатар, сайланған президентті тіркеу үшін ОСК-ға жеті күн беріледі.

Айта кетейік, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауының өтетінін хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel