RU
Шымкенттік дәрігерлер өз құсығына тұншығып қалған сәбиді құтқарып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өз құсығына тұншығып қалған сәбиді құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте дәрігерлер өз құсығына тұншығып қалған екі айлық сәбиді аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: modscheats.ru

Көрнекі фото: modscheats.ru

Шымкенттік келіншек сәбиін емізіп, кейін нәрестені ұйықтатып кереуетіне жатқызған да, өзі алаңсыз үй шаруасындағы жұмыстармен айналысқан. Кейінірек сәбиінің ес-түссіз жатқанын байқаған.

Дереу жедел жәрдем қызметіне кешкі сағат тоғыздар шамасында хабарласып, екі айлық нәрестесінің жүрек қағысы байқалмай жатқанын айтқан.

Шақырту бойынша келіншектің үйіне жеткен ақ халаттылар алғашқы медициналық көмекті көрсеткен.

"Құрамында 9-шы бригаданың дәрігері А.Тастанова және фельдшер Ж.Жанәке шұғыл шақыртуға барып, сәбиге реанимациялық көмек көрсетті.
Тексеру кезінде сәбидің жүрек қағысы байқалмаған. Әрі ес-түссіз халге түсіп, терісі көгере бастаған. Сәтті жасалған реанимациялық көмектің арқасында екі айлық сәбидің жүрегі соғып, жедел жәрдем қызметімен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
Нәрестеге алты күн бойы ауруханада қажетті ем жүргізіліп, анасымен бірге үйіне қайтарылған", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін шымкенттік ақ халаттылардың абайсызда суға тұншығып қалған нәрестені құтқарып қалғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel