Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық келін: Дастарханнан табақты алғаннан соң міндетті түрде сәлем салу керек

Опубликовано:

Маңғыстау өңірінің тумасы, сол аймаққа келін болған Мадина Лепесбаева батыс өңіріндегі келінге тән салт-дәстүрлерді айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото жеке мұрағаттан алынды
Фото жеке мұрағаттан алынды: Twitter

Жас келіннің айтуынша, Маңғыстау облысында салт-дәстүрді қатты ұстанады. Дәстүрге берік өңірде көрісу күні де тиісті жөн-жоралғылар сақталуы керек екен.

"Маңғыстау облысында шынымен салт-дәстүрді қатты ұстанады. Келінге қатысты өзіндік салт-дәстүрлер бар. Келін міндетті түрде сәлем салып, ақ орамалмен жүруі керек. Ұзын көйлек, шұлығы болуы тиіс. Сосын үлкен адамның жолын кесіп өтуге болмайды, керісінше келін жол беру керек.
Келін дастарханнан табақты алғаннан кейін де міндетті түрде сәлем салу керек. 14-наурызда көрісу күні, "амал" мерекесі болған кезде, атасымен, қайын ағаларымен көрісуге болмайды", - деп түсіндірді келіншек.

Сонымен бірге жас келін батыс өңірінде қайын сіңлілер мен қайын інілердің атын атамайтынын да тілге тиек етті.

"Қайын жұртта күйеуімізден үлкен адамдардың атын атауға болмайды. Енеміздің де атын айтуға болмайды. Сосын жолдасымнан кішкентайларға "Еркем", "Шырақ" деген сияқты ат қоюға тырысамыз.
Сол сияқты ырым-тыйымдар көп, әрқайсысын атап айтатын болсақ, бүгін бітпейміз", - деп қорытындылады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788127-magystaulyk-kelin-dastarhannan-tabakty-algannan-so-mindetti-trde-slem-salu-kerek/

pixel