RU
ШҚО-да иесін бір аптадан бері күтіп жүрген ит жұртты таңғалдырды (видео)

ШҚО-да иесін бір аптадан бері күтіп жүрген ит жұртты таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде ШҚО-ның Жарма ауданындағы тас жолдың бойында отырған аянышты иттің жан тебірентерлік видеосы тарап кетті деп жазады Altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр yk-news.kz

Фото: видеодан кадр yk-news.kz

Бейнероликтің авторы иттің бұл жерді мекен еткеніне тоғыз күн болғанын айтты. Ер адамның ойынша, жануар өз иесін күткендіктен ол жерден бір сәтке де кетер емес.

Желі қолданушылары бейнежазбаның астында иттің Қалбатау ауылының маңында осылайша отырғанына бір аптадан астам уақыт өткенін жеткізді.

Көпшілік жануардың мойнындағы қарғыбауы иесінің бар екенін аңғартатынын айтуда.

Жануарларға көмек көрсететін "4 лапы" әлеуметтік қоры иесіз қалған ит туралы хабардар екенін жеткізді. Алайда, ұйым өкілдері орын тапшылығы салдарынан әзірге жануармен не істеу керектігін білмейді.

Қазіргі таңда, "Қалбатаудағы Хатико" аудан тұрғындарының бақылауында. Олар итке су мен тамақпен әкелуде.

Иттің иесі кім екенімен оны не себепті тастап кеткені әзірге белгісіз. Кейбір тұрғындар жануардың иесі жол жөнекей көлік тоқтатып, итті сол жерде тастап кеткен деген аңыз шығарып үлгерген.

Үй жануарының тағдыры алдағы уақытта белгілі болмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
11
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel