Выйти
RU

Алакөл ұлттық саябағындағы төтенше жағдай кезінде бір адам қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында автоцистерна сорғысына жасалған жөндеу жұмыстары кезінде төтенше жағдай орын алды. Оқиға салдарынан жеті адам зардап шегіп, бір азамат қаза болған. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сорғы. Фото: ІІМ ТЖК

Сорғы. Фото: ІІМ ТЖК

"10 сәуір күні сағат 15:00 шамасында Алматы облысындағы Үшарал қаласында орналасқан Алакөл мемлекеттік ұлттық саябағының аумағында автоцистерна сорғысына жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде төтенше жағдай орын алды" , - деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған сегіз саябақ қызметкері жеткізілді. Олардың бірі алған жарақаты салдарынан қаза тапты.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алакөл ұлттық саябағындағы төтенше жағдай кезінде бір адам қайтыс болды