Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер науқастың көзінен төрт араны алып шықты (видео)

Опубликовано:

Тайванда дәрігерлер көзі ауырып, көмек сұрап келген әйелдің көзінен төрт кішкентай тірі араны алып шықты деп хабарлайды espreso.tv-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: .espreso.tv
Фото: .espreso.tv: Facebook

29 жастағы тайваньдық Хэ есімді әйел жақынының бейіт басына барып, көзін зақымдап алған. 

Ол жанарына бірнәрсе түсіп кеткенін сезіпті.

Хэ көзіне топырақ түсіп кеткен деп ойлаған. Көзін қанша жуғанымен, өзін жеңіл сезіне алмапты. Сол себепті дәрігерге жүгінген. 

Ақ халаттылар тексеру сәтінде науқастың жанарында не тұрғанына аңғара алмапты. Содан микроскоптың көмегіне жүгініп, құрылғы арқылы жәндіктің аяғын байқаған.

Дәрігер Хунг Чи-Тинг науқастың көзінен галиктид деп аталатын төрт араны алып шығыпты.

Сол уақытта жәндіктердің барлығы тірі болған. 

Дәрігерлер осындай оқиға әлем бойынша алғаш рет кездескенін алға тартты.

Олар әйелдің жанарына қатты зақым келмегенін, қосымша ем алудың қажеттілігі жоқ екендігін айтып, науқасты үйіне қайтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1788146-drigerler-naukasty-kzinen-trt-arany-alyp-sykty-video/

pixel