Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жоғалып кеткен келіншектің денесі пәтерден табылды

Опубликовано:

Петропавлда үш күн бұрын жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысқа қатысты деген күдікті ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: himachalupdate.com
Көрнекі фото: himachalupdate.com: Facebook

Полицияның хабарлауынша, Марина Попова 6 сәуір күні белгісіз бағытта екі баласын туыстарына тастап, жоғалып кеткен.

Ол ертесіне келуі керек болғанымен, сол күйі хабар болмапты.

Полицияның сөзінше, 9 сәуірде Петропавлда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер қаладағы пәтерлердің бірінен әйелдің денесін тапқан.

Тәртіп сақшылары ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 31 жастағы Петропавл тұрғынын ұстағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788162-petropavlda-zogalyp-ketken-kelinsekti-denesi-pterden-tabyldy/

pixel