RU
Көкшетауда салафизм ағымын ұстанушы азамат әйел адамды зорлады деп күдіктелуде
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көкшетауда салафизм ағымын ұстанушы азамат әйел адамды зорлады деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда деструктивті діни ағымды ұстанушы азамат 30 жастағы келіншекті зорлады деп күдіктелуде. Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам өзінің зорланғаны жөнінде шағым түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: izvmor.ru

Көрнекі фото: izvmor.ru

Зардап шеккен келіншектің сөзінше, оған шабуыл жасаған ер адам өзін салафизм бағытын ұстанушы ретінде танытқан. Ол намаз оқып, сақалын өсіріп алған екен.

Қазіргі таңда, бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

"Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 1976 жылғы Көкшетау тұрғынын ұстады. Ол бұған дейін бөтен адам мүлкін ұрлау мен алаяқтық үшін сотталған.
Сонымен қатар, күдікті "салафизм" деструктивті діни ағымын ұстанушы екені анықталды" , - деп хабардар етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel