RU
Әсел Сәдуақасова өзіне беделді тұлғаның ұсыныс жасағанын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әсел Сәдуақасова өзіне беделді тұлғаның ұсыныс жасағанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова жас кезінде өзін беделді адамның кешкі асқа шақырғанын жасырмай айтып берді. Ер азамат әншілікке енді ғана қадам басқан бойжеткенді жұлдыз қыламын деп уәде еткен деп жазады "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сәдуақасова танымал болмай тұрып беделді тұлға тарапынан жұлдыз болудың оңтайлы жолы ұсынылғанын ашық айтты.

Алайда, актриса мұндай ұсынысты қабыл алмай жетістікке өз күші мен талантының арқасында жетуді көздеген.

Бүгінде отандық кино саласында өз орны бар продюсер әрі актриса өзін ас ішуге шақырып, танымал етуді уәде еткен адамды күле еске алады.

"Әрине, ондайды мен 17 жасымнан сезініп келемін. Кино менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бүгінде мен жеке тұлға болып қалыптасқанымда маған бәрі асқан сыйластықпен қарайтын болды. Осы соңғы төрт жылдамен өзіме бағытталған ерсі сөздер естімейтін болдым.
Шоу-бизнесте, әлбетте, мұндай жағдайлар болған. "Келіссең сенде барлығы болады" дегендей. Бір кездері, сол саладағы аса беделді тұлға (ол қазір де қызметте) маған "Ең танымал адам болғың келе ма?" ме деді. Мен әрине болғым келетінін айттым.
Бар-жоғы 20 жаста едім. "Онда бүгін кешкі ас" дегені бар емес пе. Мен ол кісіге жігітім бар екенін жеткізіп, оған бәлкім "Қазақ фильмге" кіріп шығатынымды ұсындым. Бірақ ол "жоқ" кешкі ас деді. Нәтижесінде менің "жоқ" деген жауабымнан соң, ол менің кино саласында жұлдыз болмайтынымды айтты" , - деп еске алды Әсел Сәдуақасова.

Сіздің реакцияңыз
6
1
2
1
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel