Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: Роналду жаңа рекорд орнатып, Мессидің беті қан-жоса болды (видео)

Опубликовано:

Күні кеше Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесуі өтті. Нидерландиялық "Аякс" туриндік "Ювентуспен ойнаса, англиялық "Манчестер Юнайтед" каталониялық "Барселонаға" қарсы тұрды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: MSN.com Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: MSN.com Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Англияда бақ сынасқан "Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" арасындағы ойын 0:1 есебімен аяқталды. Каталониялықтар өз қақпасына гол соғып жіберген қарсылас команда ойыншысы Люк Шоудың арқасында жеңіске жетті.

Кездесудің бірінші таймында англиялық клубтың қорғаушысы Крис Смоллинг "Барселона" жұлдызы Лионель Мессидің бетін қан-жоса қылды. Ойынның бұл сәтінде төреші ереже бұзылмады деп есептеп, Смоллингті жазалаған жоқ.

Оның үстіне, аргентиналық футболшы да ойынды жалғастыра беретінін жеткізген.

Ал Амстердам қаласында "Аякс" пен туриндік "Ювентус" арасында аса тартысты ойын болды. Есепті бірінші болып италиялық команда ашты. Голдың авторы клуб сапындағы аса жұлдызды ойыншы Криштиану Роналду.

Ол дәл бірінші таймның 45 минутында Андре Онананың қақпасын көздеп, гол салды. Бұл гол турнир аясында 161 ойын өткізген Роналдудың 125-ші голы. Ол өз кезегінде Чемпиондар лигасының рекорды болып табылады.

Алайда, бірден бұл шабуылдан кейін 46 минутта "Аякстың" бразилиялық футболшысы Данид Нерес есепті теңестірді.

Кездесу 1:1 тең есеппен аяқталды. Келесі ойын Италиядағы Турин қаласында өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1788195-cempiondar-ligasy-ronaldu-zaa-rekord-ornatyp-messidi-beti-kan-zosa-boldy-video/

pixel