RU
Әсел Сәдуақасова 18 жасында шөп шеккенін мойындады

Әсел Сәдуақасова 18 жасында шөп шеккенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Әсел Сәдуақасова университет қабырғасында шөп шеккенін айтып, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы актриса "Если честно" бағдарламасына берген сұқбатында айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізуші шоу-бизнес жұлдызынан тыйым салынған заттар жайлы сұраған. Актриса сауалды жауапсыз қалдырмай өз пікірін білдірді.

"Есімде, 18 жасымда шөп шегіп көрдім. Университет қабырғасында. Мен өзімді сондай жаман сезіндім. Тіпті сөзбен жеткізе алмаймын. Сол кезде маған мұндай нәрсенің керегі жоқ екенін түсіндім. Бізге қызық болды. Өзің ойлап көр ҚазҰУ-да бір топ студент болып тұрмыз. Бәріміз шегіп көрейік деп қызықтық.
Шөптен алған әсерім әлі күнге дейін есімде қалып қойды. Сол себепті, мен есірткіге деген көзқарасым кері болып қалыптасқанына қуаныштымын. Мен есірткі атаулысы маған тән емес дүние екенін түсіндім" , - деп ағынан жарылды Сәдуақасова.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel