RU
Істі болған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты

Істі болған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Оның айыбы дәлелденбеген деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Гауһар Әлімбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, KAZ.NUR.KZ. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гауһар Әлімбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, KAZ.NUR.KZ. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды.

"Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді. Оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын", - деді судья.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды.

Өнер иесіне қатысты сот отырысы осы уақытқа дейін бірнеше рет өткізілген.

Сіздің реакцияңыз
17
2
8
1
3
52
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel