RU
Ваннаға ұялы телефонын алып кірген бойжеткен тоққа түсіп, көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

Ваннаға ұялы телефонын алып кірген бойжеткен тоққа түсіп, көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде 20 жастағы қыз ұялы телефонымен бірге жуынуға кірген. Бойжеткен қолындағы мобильді құрылғысын тоққа қосып қойып, нәтижесінде оны тоқ ұрып, көз жұмған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ваннаға ұялы құрылғысымен кірген бойжеткен тоққа түсіп, көз жұмды

Фото: rus.jauns.lv

Бойжеткеннің жансыз денесін анасы тауып алған. Оның бір қолында тоққа қосылған гаджет, ал екінші қолында бітеуіш болды.

"Мен сусыз ваннада жатқан Настяны көрдім...Ол бір қолында ұялы телефонын бір қолында ваннаның бітеуішін ұстап жатты. Мен оны ес-түссіз жатыр деп ойладым", - дейді әйел.

Анасы бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда олар тек қыздың көз жұмғанын растай алды.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel