RU
Садриддин Ахмедовтің "Kешью" тобының бұрынғы әншісімен көңіл қосқаны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Садриддин Ахмедовтің "Kешью" тобының бұрынғы әншісімен көңіл қосқаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Садриддин Ахмедовтың сүйіктісі кім екені белгілі болды. Қазақстандық боксшының таңдауы "Кешью" тобында өнер көрсеткен әнші қызға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың жүрегін жаулаған әнші қыздың есімі Ақбота Құрманғали.

Бойжеткен атышулы топтың құрамынан кеткеннен кейін өзінің Instagram парақшасына ғашығымен түскен суреттерін жүктей бастаған.

Желі қолданушылары бойжеткен жариялаған суреттерге қатты таңғалып, жұлдызды жұпты қызу талқыға салған.

Бірі Садриддин мен Ақботаның кездесіп жүргеніне таңданысын білдірсе, енді бірі қос ғашыққа ақ тілегін жаудырған.

"Қандай жарасымды жұп, бақытты болыңыздар" , "Бота Садридинмен сондай бақыттысыз. Ұзағынан болсын" , "Әдемі жұп" , "Бақытты болыңдар. Бұйртса АҚШ-қа кетеді екенсіңдер ғой" , "Құттықтаймыз, Бота! Бағың ашылсын! Ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіп, салиқалы ұрпақ сүйіңдер" , "Боксшы емес пе? Міне күтпеген жаңалық" , - деп жазуда көпшілік.

Тіпті кейбір желі қолданушылары аруды "жақында бұйыртса Ахметова болады" деп үйлену тойдың күні алыс емес екенін болжады.

Айта кетерлігі, Ақбота Құрманғалидің өз парақшасына жариялаған суреттер Садриддиннің әлеуметтік желісінде жоқ.

Боксшы жеке өмірін барынша жасырын ұстағысы келетін көрінеді.

Оған қоса, танымал отандық фотограф қос ғашықтың фотосесиясынан суреттерді жария етті. Онда Ақбота Құрманғали хиджабпен түскен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel