RU
"Өз ойымның" продюсері пәктігін саудалаған аруға қатысты өз шындығын айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Өз ойымның" продюсері пәктігін саудалаған аруға қатысты өз шындығын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Соңғы шығарылымдардың бірінде шулы тақырыпты талқыға салып, бастары дауға қалған "Өз ойым" ұжымы әлі де көптің аузында жүр. Әлеуметтік желіде, тіпті, бағдарламаның жабылғанын қалайтындар қарасы көбейген. Осыған байланысты, көрермен тарапынан сынға ұшыраған жобаның продюсері Жанкелді Таңатбекұлы видео үндеу жолдады. Ол ток-шоуға қатысты айтылған пікірлерге берген жауабын "Өз ойымның" Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram, Өз ойым

Фото: Видеодан кадр/ Instagram, Өз ойым

Продюсер бағдарламаның басты мақсаты қазіргі қоғамда бар мәселемен күресу екенін алға тартты.

"Мен "Өз ойым" ток-шоуының продюсері Жанкелді Таңатбекұлы. Қазір әлеуметтік желіде біздің "Қыздық перде қызықтыра ма?" атты шығарылымымыз аса талқыланып жатыр. Біз қоғамда бар мәселені талқылаймыз.

Ойдан еш нәрсе шығармаймыз. Студияға келген кейіпкер - актриса, біз - театр емеспіз. Оған "келе ғой" деп ақша да төлемедік.

Керісінше, студиямызға қонаққа келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, "сол ақшаңды" мен-ақ берейін деп жанашырлық танытты.

Иә, біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмадық. Дегенмен, оның өзін райынан қайтардық. Мұндай мәселелерден бас сауғалап, көз жұмғанша, ашық күрескен абзал", - деді Жанкелді Таңатбекұлы.

Видео көрерменге арналған жазбамен толықты.

"Біз дәл осындай проблеманың бар екенін айттық, көрсеттік. Ал сіз өз қызыңыздың дәл бүгін немен шұғылданғанын білесіз бе? Оның телефонын қарап тексересіз бе?

Неге біз айтқан ауызды жабуға тырысамыз? Неге ел болып, жұрт болып осы мәселені мойындап, бірлесе отырып шешуге тырыспаймыз?

Жастар жылы дейміз. Жастар жылында біз оларға не мүмкіндік беріп жатырмыз? Біз кез келген адамның пікірін тыңдауға әзірміз", - делінген парақшада.

Айта кетейік, жақында "Өз ойым" бағдарламасында өз пәктігін саудаға салған ару бой көрсетті. Артынша бойжеткенді оқудан шығарып жібергені белгілі болды. Бұл даулы оқиғаға қатысты белгілі журналист Дана Нұржігіт те пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз
41
3
2
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel