RU
Капоттың үстіне жатып, жүргізушіні тоқтатпақ болған полицейдің видеосы тарады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Капоттың үстіне жатып, жүргізушіні тоқтатпақ болған полицейдің видеосы тарады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қыңыр мінезді жүргізушіні "ерекше" тәсілмен тоқтатпақшы болған полицейдің іс-әрекеті бейнеленген ролик әлеуметтік желіге тарап кетті деп хабарлайды Zakon.kz - ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Капот үстіне жатып, жүргізушіні тоқтатпақ болған жол сақшысы жұртты таңқалдырды

Фото: видеодан үзінді

Роликті жол жөнекей кетіп бара жатқан көлік жүргізушісі түсіріп алған. Кадрда аузында ысқырғышы бар жарық шағылыстырғыш киім киген полицейдің жасыл түсті Volkswagen көлігінің қақпағында жатқаны бейнелеген.

Жол сақшысы жүргізушімен алдыңғы әйнек арқылы ымдасып, автокөліктен шығуды талап етті.

Жүргізуші капоттың үстінде жатқан полицейдің ишарасына назар аудармай, артқа жүрген. Осыдан кейін жол сақшысы тапаншасын шығарды. Бұл әрекет жүргізушіні көлікті тоқтатып, есігін ашуға мәжбүрледі.

Бейнежазба астында оқиғаның Шымкентте орын алғаны жазылған.

"Міне, біздің шымкенттік полицейлер", - дейді бейнеролик авторы.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel