RU
Алматыда анасымен бірге ұрлық жасайтын кішкентай бала тұрғындарды шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда анасымен бірге ұрлық жасайтын кішкентай бала тұрғындарды шошытты

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғындарын анасымен бірге ұрлық жасайтын баланың әрекеті шошытып отыр. Тіпті, жасөспірімді күзетші әйел қылмыс үстінде ұстап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Куәгер Светлана

Куәгер Светлана

Оқиға осы жылы сәуірдің 4 күні Әуезов ауданындағы тұрғын үйдің бірінде болған. Сегіз жастағы ер бала жоғарғы қабаттағы подьезде тұрған балалардың қол арбасын және балалар киімдері мен ойыншықтарын тиеп, сыртқа шыққан.

Осы кезде оны күзетші келіншек көріп қалған. Ал оның сұрағына балақай "анам анау жерде тұр, бұл менің інімнің киімдері" деп түсіндірген.

"Баспалдақтан түсе алмай жатыр екен, көмектестім де, мынау сенікі ме, қайдан алдың?" деп едім, "анам анау жерде күтіп тұр, қоларба барлығы өзіміздікі", -деді. Көңіліме күдік ұялап, баламен бірге анасына дейін барып едім, орта жастағы әйел "Неге менің балама жабысып қалдың? Жайыңа жүр, бұл біздің зат" деп айқайға басты. Осы сөзге сеніп, үйге келсем, оныншы қабаттағы тұрғынды тонап кетіпті", - дейді күзетші Светлана Т.

Тұрғындардың сөзінше, бұл бірінші жайт емес. Осыдан бірер апта бұрын да осындай жағдай орын алған. Ол кезде кішкене балақай құны жарты миллион тұратын мүгедек қоларбасын сүйреп әкеткен.

Қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бір үйден екі шағым түсті, қазіргі уақытта Әуезов ауданының ішкі істер басқармасы жұмыс істеп жатыр. Фото мен видеодағы балалар бойынша Алматы қаласындағы мектептерді түгелдей қарап шықтық. Бұлар Алматының шетіндегі аудандардан келіп ұрлық жасап, кейін қайтатын азаматтар. Қолға түскен жағдайда анасы да, бала да жауапқа тартылады. Баласын ұрлыққа итермелеу қылмыс болып табылады", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel