RU
"Енем сияқты": Қайын атасынан мезі болған келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Енем сияқты": Қайын атасынан мезі болған келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы салт-дәстүрді ұстанған әулетке келін болып түскен ару жан сырымен бөлісті. Екі жыл бойы өзге үйдің түтінін түтеткен 23 жастағы келіншек қайын атасынан әбден мезі болған екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: Алаш айнасы

Көрнекі фото: Алаш айнасы

Көңілінде кірбіңі бар әйел басқа келіндер енесін жамандаса, өзі қайын атасынан шаршап кеткенін алға тартты.

"Менің атам менің енем сияқты. Барлық нәрсеге араласады. Тіпті асүйдің шаруасына араласады, азық-түлік азайып қалса, арамтамақсыңдар деп айқайлайды. Үлкенге үндеме деген соң ғана сөз қайтармай, үндемей отыра беремін. Басыма шығып бара жатқан сиякты. Кейде "кетіңдер үйден" деп қуады. Кетсеңдер, разы емеспін дейді.
Әйелің сөз қайтарса, куып шығамын, разы емеспін дейді. Мен көңілге тиетін сөз де айтпадым, ештеңе істемедім, ешкімге зияным тиген жоқ, үндемеймін. Жұмыс істесем, келінді неге алдық қызмет етпесе дейді, сол үшін жұмыстан да шықтым. Енді арамтамақ, жатыпішерлер деп маған қарай айқайлайды. Барлық тірлік менің мойнымда. Оны міндетсініп жатқаным жоқ", - дейді ол.

Ары қарай не істерін білмеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
11
2
3
8
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel