Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық 5 әйел бір жігіттен бала көтерген: Іске қатысты тың деректер шықты

Опубликовано:

Алматы облысында бес әйел жабылып іздеп жүрген ер азамат байланысқа шыққан. Ол ұл туып, көптеген ақша берген Анель Оразбаеваға хабарласыпты. Рамиль Байрамов әйелден оқиғаны жария етпеуді өтінген деп хабарлайды "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Анель Оразбаеваның жеке мұрағатынан
Фото: Анель Оразбаеваның жеке мұрағатынан: Facebook

Анель Оразбаеваның айтуынша, Байрамовтан опық жеген барлық жәбірленушілердің арызын жинастырып, "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық із қозғауға болады.

Бастысы - ер азаматтың өзі байланысқа шыққан.

Байрамов Анельге хабарласып ұлын тастап кетпейтінін, Эмин ер жеткенде оны тауып алатынын жеткізген.

Анель ұлының туған әкесімен араласуына қарсы болмайтынын білдірген. Оның сөзінше, Рамиль қарызды ай сайын қайтарып отыруды және оқиғаны жария етпеуді сұраған. Алайда Анель бұл ұсынысқа келіспеген.

Оның сөзінше, Рамиль бұрынырақ та осылай уәдесін бергенімен, сөзінде тұрмапты.

Анель баласының әкесіне барлық соманы бірден қайтарасың деген талап қойғанда Байрамов телефонды сөндіріп тастаған. Рамильдің Шымкентте екендігі белгілі болыпты.

Өзін Самир деп таныстырған адамның тағы бір құрбаны - Юлия Николенко. Ол ғашығына жарты миллион теңге жұмсапты.

Юлияның ағасы Байрамовқа бөліп төлеу арқылы көлігін сатқан, бірақ содан кейін "алаяқ" жоғалып кеткен көрінеді.

Юлия Рамильдің бас бостандығынан айырылғанын қалайды. Ол Байрамовтың ақша қайтаратынына сенбейді.

Юлия басқа сенгіш әйелдердің алданып қалмағанын қалайтынын жеткізді.

Алматы облысының полиция департаменті "Время" газетінің тілшісіне Байрамовқа қатысты бес өтініш келіп түскенін растаған.

Олардың үшеуі Алматы облысының полиция басқармасында, екеуі - Шымкент қаласында тіркелген. Қазіргі уақытта ер азаматты іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Алматы облысында бес әйелден алты баласы бар ер азамат іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз.

Материалды көшіріп басу мен пайдалану тек "Время" басылымы ЖШС" рұқсатымен жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788328-kazakstandyk-5-jel-bir-zigitten-bala-ktergen-iske-katysty-ty-derekter-sykty/

pixel