Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалым: Парламентте ілулі тұрған латынша "Мәңгілік ел" сөзінде 5 қате бар (фото)

Опубликовано:

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек парламент үйінде ілулі тұрған тақтайшадағы латын қарпінде жазылған "Мәңгілік ел" сөзінде қате тұнып тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ғалым: Парламентте ілулі тұрған латынша "Мәңгілік ел" сөзінде 5 қате бар (фото)
Ерден Қажыбек. Фото: "Ана тілі": Instagram

Профессордың айтуынша, екі сөздің өзінде 5 бірдей қате бар екен.

"Парламенттің жанында "Мәңгілік ел" деген сөз жазылған. Латын қарпінде жазылған сөзде 5 қате бар.
Бірінші "а" әрпін дұрыс жазбаған. "І" әрпі нүктесіз тұр. Жалпы, 5 қате екі сөзде. Оны ертең жөндеу керек", - деді Ерден Қажыбек мәжілісте.
Ғалым: Парламентте ілулі тұрған латынша "Мәңгілік ел" сөзінде 5 қате бар (фото)
Фото: Sputnik Қазақстан/Дәурен Ерболат: Facebook

Институт диреткорының сөзінше, қазіргі таңда ғалымдар латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің емле ережелерін талқылап жатыр.

Сондықтан жазуларды латыншаға ауыстыруға асықпаған жөн екен. 

"Емле ережелері бекітілмей, бірден жазу асығыстық болар еді. Сондықтан латын қарпінде жазу әлі ерте. Менің ойымша, тұрғындар бізге, яғни ғалымдарға, келіп, өз пікірін білдіріп, бізбен жұмыс істеуге мүмкіндік бар", - деді профессор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788345-galym-parlamentte-iluli-trgan-latynsa-mgilik-el-szinde-5-kate-bar-foto/

pixel