RU
Әуежай мен вокзалда тексерістің не үшін күшейтілгенін полиция айтты
Жаңалықтар Қоғам

Әуежай мен вокзалда тексерістің не үшін күшейтілгенін полиция айтты

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі барлық әуежайлар мен вокзалдарда жолаушыларды тексеру жұмыстары күшейтілді. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов мән-жайды түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы әуежайы. Фото: facebook.com/alaportofficial

Алматы әуежайы. Фото: facebook.com/alaportofficial

Байкеновтің сөзінше, Қазақстанның барлық әуежайлары мен теміржол вокзалдарында кіргізу режимі күшейтіліп, бақылау камералары орнатылды.

Сондай-ақ полиция шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қадағалау кезінде Қазақстанның көші-қон заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері күшейтілген. Олар әуежай мен вокзал аумағвн үнемі қадағалап отырады. Тәртіп сақшылары арнайы металл құрылғылары мен қызмет иттерін жұмыста пайдаланады.

Оның айтуынша, бұл қылмыстың алдын-алу мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жасалып отырған іс-шара.

"Осыған байланысты жолаушылардан құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерінің әрекетін түсініп, оларға қолдан келетін көмекті көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

Еске сала кетсек, Алматы халықаралық әуежайында жолаушыларды тексеру жұмыстары күшейтілді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel